Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ӨЗБЕКСТАН Республикасы Үкiметiнің арасындағы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттама ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша баяндама

06.09.2018 0
СПРАВКА

                                                                                           2018 жыл 6 қыркүйек                                                                         Сенат  отырысы                                                                           

 

         «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі  арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына  БАЯНДАМА

 

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

      Өзбекстан елі – халқы жағынан да, экономикасы жағынан да Орталық Азиядағы үлкен мемлекет. Бұл елмен байланыс Қазақстан үшін өте тиімді.

       Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық, 2020 жылға қарай,  жылына 5 млрд долларға дейін арттыру жоспарлануда.

          Алдағы уақытта, бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру  көзделіп отыр.

           Сондықтан,  заң жобасын  әзірлеудің негізгі мақсаты,  екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастағы  салық жүйесін  реттеуге  бағытталған.

          Сонымен біре, ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық органдарының ынтымақтастығын дамыту және кірістердің жекелеген түрлеріне салық салу нысанында Келісімнің  ережелерін қайта қарау болып табылады.

Бұдан басқа, салықтардың атаулары мен тұрақты мекемені құру тәртібін реттейтін баптардың ережелері нақтыланды.

Хаттамамен салық қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді, табыстарға қосарланған салық салуға жол бермейді және сол арқылы екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік беріледі.

Заң жобасы жұмыс тобының және бас комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды.

Сенаттың барлық комитеттері заң жобасы бойынша өздерінің оң қорытындыларын берді.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қабылдауды ұсынады.

    

            Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу