Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасына баяндама

25.05.2021 0

Құрметті әріптестер!

 

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің өз экономикаларын дамыту,  және  ұзақ мерзімді тұрақты жағдайларды қамтамасыз ету үшін,  Кеден  қызметінің функцияларын үнемі жақсартып,  замануи дамытып отыру,  уақыттың  сұранысы.

Салық төлемдерін жедел  өткізу арқылы,  Кеден  бекетінен өту уақытының   қысқартылуы  аталған  қызметтерді   қолданатын бизнес өкілдері   үшін    жақсы жаңалық.   

        Жоба  аталған өзгерістерді заң жүзінде енгізу, яғни  Кодекс  нормаларымен  сәйкескестендіру үшін,  аванстық төлемдер институтын енгізу мақсатында  әзірленген. 

          Заң жобасымен, аванстық төлемдерді  қолдану арқылы,  өтемақы баждарын төлеу, есепке жатқызу мүмкіндігін белгілеу,  мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шоты бойынша  жүргізу уақытын анықтау, терминологияларды сәйкестендіру  - сияқты  өзгерістерді   енгізу көзделген.

 Бұл нормалардың,  кедендік әкелу баждары мен өзге де төлемдерді әкімшілендіруді оңайлату арқылы, бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану кезіндегі азаматтардың  уақытын үнемдеп,  шығындарын барынша азайту бағытында  жұмыс істейтіні анық.

Атап айтқанда, аталған  құжат нормалары  азаматтарға  сапалы да  тең қызмет көрсету мен қатар,   Одаққа     мүше  мемлекеттер арасындағы тиімді қатынастарды одан әрі  дамытуға  мүмкіншілік туғызады деп санаймыз. Жоба бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері өздерінің оң қорытындыларын берді.

Жоба жұмыс тобының отырысында қаралып талқыланды. Құрметті әріптестер! Заң жобасын Сенататтың жалпы отырысының қарауына шығаруды ұсынамын.  

 

Рахмет.

Бөлісу