Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жаңа Қазақстан. Тендер. Мемлекеттік сатып алу саясатына қандай реформа керек?

16.02.2022 0

Мемлекеттік сатып алу көзінің көлеңкелі тұсы көп. Ауқымды қаржы айналымы жүретін мемлекеттік органдар мен алып компаниялардың  сайтында сатып алуға қатысты толыққанды ақпарат жоқ. Болары болып, бояуы сіңген соң жұрт сатып алулардың өтпей қалғанын, жеңімпаз анықталмағанын, кейде мақсатсыз жұмсалған қаржының көптігінен біледі. Ал сатып алу өтпесе қызметтерді атқарған компанияға қатысты күмән туады. Сол үшін қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін  мемлекеттік сатып алу саясатындағы көлеңкелі істерге тоқтам болатын реформа ауадай қажет.

Бақтыбай

Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ,
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі,
сенатор:

– Бізге алдымен мемлекеттік сатып алуға қатысты заңның өзін біріктіру керек. Қазір «Самұрық-Қазына» АҚ секілді квазимемлекеттік сектордың сатып алуы туралы бөлек заңы бар. Мүддеге жұмыс істеу мақсатымен түрлі сылтаумен сол заңды жасады. Бірінші кезекте сол екі бөлек заңды бір заң қылу керек. Бір заңның аясында мемлекеттік сатып алу саясаты жүргізілуі тиіс. Квазимемлекеттік сектор болса да, ол мемлекеттің ішінде жұмыс істеп отырған мекеме. «Қазмұнайгаз», KEGOC, «Қазақтелеком», ҚТЖ-ның сатып алу саясаты құпия болмауы керек. Кезінде біз қарсы болдық. Бірақ Үкіметтің қолдауымен шала заң өтіп кетті. Сол заң бізге келгенде бір көзден сатып алуды 80-90 пайызға жеткізген. Шуылдап жүріп түсірдік. Енді қазір квазимемлекеттік сектордың жұмысы майшаммен қаралып жатыр. Бұл – өте маңызды. Бұл мекеме­лердің жұмыс істеуі жіті тексеріліп, қаншалықты пайда әкеліп жатқаны туралы ақпарат ұдайы көрсетіліп отырғаны дұрыс.

Тағы бір мәселе, сатып алу заңы бөлек болған соң Парламенттің қарауына келетін мемлекеттік бюджетте квази­мемлекеттік сектор­дың бюджеті келмей­ді. Бірақ ол жерде ау­қымды қаражат айналымы жүреді. Шынын айтайын, мемлекеттік бюджет­ті қараудың өзі ой­дағыдай емес. Аз уақыт беріледі, сосын бюджетті өзгертуге өкілеттілігіміз жетпейді. Себебі алдын ала жоспарланып келеді. Бюджет шығыстары газ бен су секілді халықтың күнделікті әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты емес, имиджді көтеретін алып ғимараттарды салуға қатысты келеді. Ал бөлінген қаражаттың есебін алу да біздің емес, Есеп комитетінің жұмысы. Шетелде депутаттар мен қоғам белсен­ділері кіретін арнайы комиссия құрылып, мем­лекеттік бюджеттің бір тиыны қайда кетіп жат­қанын тексеру үшін сатып алу саясатын барынша ашық қылып отыр.

Бөлісу