Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қ.Қожамжаров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасын қарады

15.09.2020 0

Депутат Қ.П.Қожамжаров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасын Комитеттің отырысына шығарды.

Қ.П.Қожамжаров қылмыстық сот өндірісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық бірнеше бағыттарды көздейтіндігін – құқықтық көмек көрсетуді; адамдарды ұстап беруді немесе экстрадициялауды; қылмыстық қудалауды жалғастыруды, сондай-ақ шет мемлекеттер соттарының қаулыларын тану мен орындауды көздейтінін ашып, баяндама жасады.

Халықаралық шарттың керектігі сөзсіздігін, ол Ата Заңымызға сәйкес, мемлекетіміздің өз азаматтарының құқықтары мен мүддесін шет елдеде қорғау міндетінен туындап отырғаны туралы ескертті.

Ал, іс жүзінде осы шарттарды орындау барысында туындайтын барлық сұрақтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің «Шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын тану және орындау» деген 62-ші Тарауында, 601-611-ші бабтарында көрсетілгендігін, яғни біздің құқық қорғау органдарының күнделікті жұмысында қолданылатындығын баяндады.

Бөлісу