Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қ.Қожамжаров ҚР Премьер-Министріне ҚР Ұлттық ұланының қызметіндегі өзекті мәселелер туралы депутаттық сауал жолдады

10.09.2020 0

2020 жылғы 10 қыркүйекте Палата отырысында сенатор Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ.Маминнің атына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметіндегі проблемалық мәселелер туралы жолданған депутаттық сауалды жария етті.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің барлық мүшелері қол қойған депутаттық сауалда Ұлттық ұланның әскери бөлімшелері Елдің қоғамдық қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қорғауда ерекше орын алатыны атап өтілді. Атап айтқанда, төтенше жағдайларда олардың қызметі аса ауыр жағдайда өтетіндігі және өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, олар өздерінің әскери міндеттерін абыроймен атқаратындығы.

Әскери бөлімдерді заманауи қару-жарақпен жабдықтау; арнайы және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау; әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері бойынша берешегінің жыл сайынғы өсуі, сондай-ақ сарбаздардың тәуліктік тамақтану нормасының төмен құны сияқты негізгі проблемалар айтылды.

Бөлісу