Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2021 жылғы 18 наурыздағы Сенаттың жалпы отырысында Ғ. Дүйсембаев «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасады

18.03.2021 0

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі

өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары

туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы

бойынша Дүйсембаевтың қосымша баяндамасы

18.03.21ж.

 

 

Құрметті төраға, әріптестер

мен шақырылғандар!     

       Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы Келісім  2019 жылғы 19 желтоқсанда Санкт - Петербург қаласында жасалды.

Келісімнің мақсаты темекі өніміне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) және темекі өнімдерінің айналымы саласында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз өнімдердің көлемін барынша азайту жолымен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде темекі өнімдері нарығының жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайлар жасау.

        Алдағы уақытта ұсынылатын акциздердің ставкаларына байланысты, бюджетке түсетін түсімдердің серпіні 2020 жылғы 217 млрд. теңгеге қарағанда,  болжам бойынша 2024 жылы 310 млрд. тенге көлемінде  күтілуде.

Темекі өнімдеріне арналған акциздерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің барлығында теңдестіру одақ аумағында темекі өнімдерінің акциздеріне салық салуды қолданудың бірыңғай практикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, акциздерді теңестіру отандық өндірушілерден бәсекеге қабілетті болу үшін шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуды талап етеді.

Бұл Келісім "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»  Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес  ратификациялауға жатады.

Заң жобасын қарау барысында жұмыс тобының, комитеттің отырыстары өткізілді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен аталған заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті  Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауды ұсынады.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу