Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ғ. Дүйсембаев ЕҚЫҰ ПА-ның веб-диалогына қатысты

25.05.2021 0

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Экологиялық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық сақтаудың өзара байланысы аясында» тақырыбында веб-диалогы өтті. Бұл шараға Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев қатысты.

Іс-шараға қатысушылар қоршаған ортаның азып-тозуы халық денсаулығы мен жаһандық қауіпсіздікке әсері, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы мен климаттық дағдарыс арасындағы өзара байланыс мәселелерін талқылады. Парламентшілер сондай-ақ қоршаған ортаның ластануының зардаптары мен осы мәселенің коронавирус инфекциясының таралуына әсерін де қарады.

Веб-диалог барысында одан басқа халықтың денсаулығын сақтауды, әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуді және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуды көздейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар ұсынылды. Бұл шараларды жүзеге асырудағы ұлттық парламенттердің рөлі ерекше атап өтілді.

Бөлісу