Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ғ. Дүйсембаев Армениядағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты

23.06.2021 0

20 маусымда Арменияда парламенттік сайлау өтті. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев, Мұхтар Жұмағазиев және Дүйсенғазы Мусин сайлау барысын байқауға қатысты. Олар ЕҚЫҰ ПА, ҰҚШҰ ПА және ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар құрамына кірген болатын.

Ғұмар Дүйсембаев ЕҚЫҰ ПА байқаушыларына арналған практикалық мәселелер жөніндегі брифингке қатысты.

Сенаторлар парламенттік сайлауға кандидаттарды ұсынған саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығымен танысу үшін сайлау учаскелеріне барды.

Сенаторлар дауыс беру күні сайлау барысына мониторинг жүргізіп, халықаралық байқаушылар топтарының қорытынды жиналыстарына қатысты.https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/5000

Бөлісу