Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Ауылдық елді мекендерді инфрақұрылымдық дамыту туралы» мәселелері бойынша «Өңір» депутаттық тобы отырысында Ғ. Дүйсембаев сөз сөйледі

22.10.2021 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгін әріптестерім депутаттық топтың ағымдағы сессиядағы жұмысының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі баяндады.

Мен  жоспарымызды толығымен қолдаймын.

Сонымен қатар, біздің топ келесі сессияда қарайтын өңірлердің тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да мәселелері бойынша жұмысты қатар бастау маңызды деп санаймын.

Осындай тәсілмен біз проблемаларды тереңірек зерттеп, тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік аламыз.

Егер әріптестерім қарсы болмаса, мен сіздермен бірге халықты толғандыратын инфрақұрылымдық проблемалар бойынша жұмыс істер едім.

Қысқаша айып кетейін,  мысалы, батыс облыстарда "КЕГОК"АҚ-ға тиесілі электр желілерінің жағдайы елеулі алаңдаушылық туғызады және аймақтық электрожүйелері республика бойынша сын көтермейді.

Жергілікті жолдарды жөндеу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді.

Әсіресе Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.

Тозудың орташа деңгейі бүгінде 75% - ды құрайтын магистральдық газ құбырлары да қанағаттанғысыз жағдайда.

Халық үлкен күтуін  елді газбен жабдықтаумен байланыстырады .

Алайда, егер «Сарыарқа» жобасын іске асыру Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болса да,  Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша бүгінгі күні түпкілікті шешім жоқ.

Сонымен қатар, бюджет есебінен газбен жабдықтау объектілері салынған өңірлерде оларды пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру мәселесі шешілмей отыр.

Мәліметке сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша жалпы құны 302 млрд. теңге болатын 1 227 осындай нысан берілмеген. Бұның 56% Жамбыл, Маңғыстау облыстарына және Алматы қаласында.

Транзиттік тасымалдарға әсер ететін «ҚТЖ» АҚ магистральдық желілерінің жай - күйі елеулі алаңдаушылық туғызады, бұған біз ҚХР-мен шекарадағы Алтынкөл станциясында комитеттің көшпелі отырысын өткізу кезінде көз жеткіздік.

Сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды дамыту және енгізу жағдайында қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтық әлі де байқалады.

Бүгінде 1 178 елді мекенде жоғары жылдамдықты интернет жоқ,(онда 127 мың адам тұрады) осы мәселелерді қарасақ деп ойлаймын.

Назарларыңызға рақмет.

Қолдауларыңызды сұраймын.

Бөлісу