Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы "

10.11.2021 0

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысында (2020 жылғы 29 қазан) берген тапсырмасына сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы әзірленді.

Жалпы, жоба азаматтардың және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмейтін қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды, оның ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз адамдарды босатуға бағытталған.

Бұл бағытта қажетті ғылыми құқықтық сараптамалар жасалды. Қоғамдық қайраткерлер және ғылыми сарапшылардың қатысуымен талқыланды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы азаматтарға – кәмелетке толмағандарға, жасы келген әйелдер мен ер адамдарға, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге және аса қоғамдық қауіп төндірмейтін өзге адамдарға баса назар аударылды.

Бүгінгі күні 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторларында 34 мыңнан астам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеу-қамауында.

Одан басқа, пробация қызметтерінің есебінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза бекітілген 32 мыңнан астам тіркеуде тұр.

Бастапқы есептеулер бойынша, 2 236 сотталушыға және пробация қызметтерінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалуы тиіс. Барлығы - 13 546 адам.

Шамамен 942 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3 818 адам бостандыққа шығады. Барлығы - 4 760 адам.

Жаза мерзімін қысқарту бойынша, 1 294 сотталушыға және пробация қызметінің есебінде тұрған 7 492 адамға рақымшылық қолданылады. Барлығы - 8 786 адам.

Сотталғандардың негізгі бөлігі, яғни, 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған. Оның ішінде 21%-ы - рецидивистер (6 298).

Сонымен бірге, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісіндегі шамамен 5 мың қылмыстық іс қысқартылады.

Олар бойынша 1 674 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Ал 1 471 адамға соттар үкім тағайындағанда жаза мерзімін қысқарту және босату шешімдерін шығарады.

Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, рақымшылық белгіленген қылмыстар түріне қолданылмайтын болады.

Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе қылмыстар тізбесі құрылды, оларға рақымшылықты қолданбау ұсынылады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 476-бабының
15-тармағына сәйкес рақымшылық жасау жөнінде түпкілікті шешімді сот әрбір сотталғанға қатысты жеке-дара қабылдайды.

Сонымен бірге, заң жобасында жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және тұрмысқа қайта үйрету бойынша міндеттер жүктелген.

Бөлісу