Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы "Айбын онлайн-2020" фронт-офисінің қонағы болды

23.10.2020 0

2020 жылғы қазан айының 23-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржігітова Дана Өмірбайқызы «Айбын 2020» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Ол фронт-офистің жұмысымен танысты: мониторинг, үйлестіру және өңірлермен өзара іс-қимыл секторы, «Айбын ТВ» студиясында интервью берді, онда қазіргі жастардың патриотизмі туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Сондай-ақ, Дана Өмірбайқызына Aibyn мобильді қосымшасымен www.aibynonline.kz. веб-сайты таныстырылды. Дана Нұржігітова өткізілген жұмыстарға жоғары баға беріп, Жиын қатысушыларына сәттілік тілеп, Жиынның барлық қатысушыларына фортепианода қазақтың әйгілі туындысын орындап, музыкалық сыйлық жасады
Бөлісу