Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қолдау бойынша баяндама

03.03.2022 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Қарауымыздағы заң жобасы  арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің,сондай-ақ олардың отбасыларының  әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға, дәлірек айтқанда тұрғын үй алуға деген мүмкіндіктерін заң жүзінде реттеуге  бағытталған.

 Өмірдің барлық саласындағы өзгерістер, әсіресе, ішкі-сыртқы саяси өзгерістер ең алдымен қарулы күштеріміздің жағдайына  назар аударуымыз  қажет екендігіне  көз жеткізіп отыр.

Мемлекетіміздің ішкі – сыртқы қауіпсіздігі осы қызметте жүрген азаматтарымыздың біліктілігіне, адалдығына тікелей байланысты. Отан алдындағы міндетін алаңсыз атқару үшін мемлекет осы қызметте жүрген азаматтарға  заңдық тұрғыда жағдай жасау керек. 

Бұл  заң жобасы аталған мақсатта әскери және арнайы қызмет қызметкерлерін тұрғын үймен  қамтамасыз ету, қызмет өткерудің жекелеген мәселелерін реттеуге бағытталған.

Сондай-ақ, әскери қызметшінің міндеттері, әскери қызметтен босату негіздерімен толықтырылып отыр. Бұған қоса осыған дейін депутаттық сауал ретінде  көтерілген  әскери-патриоттық тәрбие мәселесі де  дәл осы  жоба шеңберінде реттелді.

Заң жобасы арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің, сондай-ақ олар қаза тапқан жағдайда отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

Осы айтылғандарды ескере келе, заң жобасын қолдауды әріптестерімнен сұраймын.

Бөлісу