Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кибербуллингке мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты

25.03.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дана Нұржігіт пен Динар Нөкетаева Алматыға жұмыс сапары барысында бала тәрбиесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кибербуллингті жою тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

«Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға ата-аналар, педагогтар, психологтар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, заңгерлер мен Алматы қаласының білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында бала тәрбиесі, қорлау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың түйткілді мәселелері көтерілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұзақылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Сондай-ақ, сенаторлар бала құқықтарын қорғау, білім беру және ақпараттандыру туралы заң жобасының «кибербуллинг» түсінігін қарастыратын жаңа нормалары туралы айтты.

Бөлісу