Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚазҰӨУ-де «Екінші республиканың «Ата заңы» тақырыбында ҚР Ата заңының бірінші авторларымен кездесу өтті

20.05.2022 0
Тәрбие жұмысы және жастар ісі жөніндегі бөлімі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасы және «Театр өнері және өнертану» факульттетімен бірлесе отырып, студенттермен «Екінші республиканың  «Ата заңы» тақырыбында ҚР Ата заңының бірінші авторларымен кездесу өткізді. Шара 2022 жылдың 20 мамырында Қазақ ұлттық өнер университетінің қабырғасында өтті. Модератор: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Каудырова Айман Оразгалиевна. Кездесу барысындағы спикерлер: заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР алғашқы Конституциясының бірлескен авторы Каудыров Төлеш Ерденұлы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, тәрбие ісі жөніндегі проректор Омарова Жанна Нұрхалыковна сөз сөйледі. Кездесуге БАҚ өкілдерінен «Астана ТД», «Еуразия 1» телеарналары және «Егемен Қазақстан» газеті қатысты. Кездесу барысында студенттер алдағы референдум туралы және қоғам мен ел өміріне жан-жақты әсер ететін республикалық референдумға дауыс берудің маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды.
Бөлісу