Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева жұмыс сапары шеңберінде Қарағанды облысының Балқаш қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды

05.08.2021 0

Аталған орталық өз қызметін 2019 жылғы 17 маусымнан бастап жүзеге асырады. Орталықта 10 жастан 15 жасқа дейінгі 155 бала, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар (көру, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интеллекті бұзылған балалар) 55 бала демалып, денсаулығын жақсарта алады.

Орталықтың негізгі міндеті:

- балада дұрыс, жақсы адам кім, ол қандай қасиеттерге ие екендігі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;

- баланың дұрыс өмірлік бағдарын дамыту, яғни негізгі өмірлік құндылықтар, адам ең алдымен не нәрсеге ұмтылуы керек;

- өз кемшіліктерін көру және олармен күресу қабілетін дамыту.

Балалармен жұмыс барысында орталық педагогтары тәрбиеленушілерді күнделікті өмірде әдемі көріністер көруге, өз қолдарымен бір нәрсе жасауға үйретеді. Осылайша, олардың одан әрі әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, Орталық ауысымға қатысушы балаларға олардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен секциялар таңдауды ұсынады. Бағыттардың, үйірмелердің, спорт секцияларының, отрядтық және ұжымдық-шығармашылық істердің әртүрлілігі балалардың жеке де, ұжымдық та шығармашылық, ұйымдастырушылық, зияткерлік және басқа да қабілеттерін анықтау және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.

Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында депутаттар қазіргі кездегі мәселелер, атап айтқанда, спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған тиісті үй-жайдың жоқтығы, дефектолог, психолог, логопед сыныптарының, сондай-ақ емдік- денешынықтыру сенсорлық бөлмесі мен кабинетінің жоқтығы туралы хабардар етілді.

Сенаторлар бүгінгі кездесуде көтерілген барлық мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіліп, депутаттық корпустың ерекше бақылауында болатынына сендірді.

Сапар барысы депутаттарды орталықтың материалдық-техникалық базасымен таныстырумен және мекеме тәрбиеленушілерімен әңгімелесумен жалғасты.

Сенатор Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Парламент Сенаты өткен сессияда қабылдаған, ел халқының, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған заң жобалары туралы айтып берді.

Сенат қабылдаған және жақында ел Президенті қол қойған инклюзивті білім беру туралы заңға түзетулерге Сенатор ерекше назар аударды.

Ол бұл заңда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және кеңес беру бағдарламаларын іске асыру арқылы оларды білім беру ортасына қосумен жан-жақты көзқарас көзделгенін атап өтті.

Сенаторлардың кездесуі орталық басшылығы мен тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Бөлісу