Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы

23.11.2021 0

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң жобасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзылған шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап қою арызымен (талап қоюмен) оның сотқа жүгіну мүмкіндігі бөлігінде өкілеттіктері кеңейтіледі.

Осыған байланысты, заң жобасында Салық кодексінің 616-бабына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жіберетін талап қою арызын (талап қоюды) мемлекеттік баждан босату бөлігінде толықтыру енгізіледі.

Заң жобасын қабылдау Конституциямен кепілдік берілген адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған демократиялық процестерді дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін арттырады.

Бөлісу