Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Лукин Андрей елорда азаматтарымен кездесті

13.05.2022 0

А.ж. 13 мамырда ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.И. Лукин Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің жаңа ғимаратында елорда азаматтарымен кездесті. 

Кездесуде қала аумағын абаттандыру, атап айтқанда, абаттандыруға жер учаскелерін бөлу, парк пен саябақтар мәселелері талқыланды.

Депутатқа кейбір тұрғын үй кешендерінің жанында жасыл саябақтар мен алаңдардың жоқтығына алаңдаған азаматтар жүгінді. Олар балалар мен қарт адамдар саябақтарға алысқа бармауы үшін тұрғын үй кешенінің жақын аумақтарын көгалдандыруға көп көңіл бөлу керек деген пікір білдірді.

Бұдан басқа, депутатқа қала халқының әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй алу бойынша сұрақтар қойылды.

Депутат барлық сұрақтарға толық жауап берді, ал өтініштер жұмысқа алынды және бұл мәселелер депутаттық сауалдар түрінде немесе тиісті органдарға жеке хаттармен шешілетін болады.

Сонымен қатар, депутат конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіріп, алдағы референдумды талқылады.

«Ауқымды конституциялық реформа қоғамның саяси жүйені демократияландыруға деген көпжылдық сұранысынан туындайды, сондықтан бірінші кезекте бұл реформа халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты, елорданың әрбір азаматының алдағы референдумға қатысуы аса маңызды.», - деді сенатор Лукин Андрей.

Бөлісу