Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Андрей Лукин Республикалық қоғамдық штабтың кіші тобын басқарды

18.11.2022 0

А.ж. 18 қарашасында Республикалық қоғамдық штабтың Астана қаласының жұртшылығымен (РҚШ) кездесулері өтті. Кездесулер аясында мен бастаған біздің кіші топ қаладағы бірнеше нысандарды аралады. Атап айтқанда, «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС, «Ютария» ЖШС және «GLB» ЖШС жұмысшыларымен кездестік. Сонымен қатар, «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде болып, қала спортшыларымен кездестік. Сонымен қатар, «Astana IT University» университеті базасында IT саласының мамандарымен және студенттерімен кездесу өтті.

Кездесулерде Президент Қ. К. Тоқаев бастаған жүйелі қайта құру және терең саяси және экономикалық реформалар процестері туралы сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, демократиялық қағидаттарға негізделген әділ Қазақстанды құрудың әрбір міндетіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша РҚШ кіші тобының мүшелері қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға оң қызығушылығы және кездесулерде жемісті қатысқаны үшін қала жұртшылығына алғыс білдірді. Кездесулерге 200-ден астам адам қатысты, оның ішінде жұмысшы ұжым, спортшылар, студенттер, оқытушылар және елорда халқысы.

Бөлісу