Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

02.12.2020 0

Экономикалық саясат, инновациялық

даму және кәсіпкерлік комитетінің

 мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитет

отырысындағы (2.12.20ж. сағ. 11.30 212 бөлме)

баяндамасы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасының басты мақсаттары мен маңыздылығы жөнінде әріптесіміз Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы толық баяндап берді.

Заң жобасында кылмыстық процестік және қылмыстық-атқару заңнамасына тиісті түзетулер енгізу арқылы орын алған олқылықтарды жою ұсынылып отыр. 

Атап айтқанда «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Халықтың көші-қон туралы», «Құқтық бұзушылық профилактикасы туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» заңдарына түзетулер енгізілуі қамтылған.

Заң жобасының тұжырымдамасы бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған: ол халықаралық стандарттарды енгізу және Конституциялық Кеңестің шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елден тысқары жерге шығарып жіберу кезінде оларды ұстау мәселесі бойынша ұсыныстарын орындау, мұндай ұстау тәртібін регламенттеу және ішкi істер органдарының арнайы мекемелеріне орналастыру болып табылады.

  Осы заң жобасын қабылдау шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлқының алдын алу және уақтылы жолын кесу шараларын одан әpi жетілдіруге ықпал етеді деп сенемін.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.


Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу