Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

19.01.2021 0

Экономикалық саясат, инновациялық

даму және кәсіпкерлік комитетінің

 мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитет

отырысындағы (19.01.21ж. сағ. 11.30 212 бөлме)

баяндамасы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялау мақсатында әзірленген.

Конвенцияның негізгі ережелерінің бірі – Каспий теңізін бейбітшілік пен тату көршілік аумағына айналдыру деп атап өткен Мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы құжатты қабылдауға  қосқан үлесін атап өту қажет.

  Заң жобасында мыналар көзделген:

-      сулардың енін 12-ден 15 теңіз миліне дейін ұлғайту;

-              ені 10 теңіз милі болатын балық аулау аймағын белгілеу және балық аулау аймағының режимін жүргізу;

-              ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулауға квота белгілеу;

-              балық аулау аймағында және жалпы су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын қорғауды жүзеге асыру қарастырылған.

Заң жобасын қабылдау Каспийдің және Мемлекеттік шекарасының қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелері бойынша олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу