Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

20.01.2021 0

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Сабырқызы өз баяндамасында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасымен көзделіп отырған түзетулерді толық айқындап берді.

 Аталған хаттамамен одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда саясатын одан әрі дамыту мақсатында экономиканың бірқатар салаларына 62 түзету енгізіліп отыр.

Бұл түзетулер, «COVID-19» пандемиясының салдарынан әлемде орын алған экономикалық дағдарыстың елімізге тигізер әсерін жеңілдетудегі  қабылданып отырған дұрыс шара деп санаймын.

Сонымен қатар, аталған заң жобасы одақтың құқықтық негізін жетілдіруге, құқықтық реттеудегі кемшіліктерді жоюға және шарттың ережелерін техникалық түзетуге ықпал етеді.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және оны іске асыру бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу