Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Нұрлан Бекенов Ақмола облысының шаруаларымен кездесіп, мал азығын даярлау барысын талқылады

21.07.2021 0

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысының Астрахан ауданына барды. Сапар барысында ол жергілікті шаруалармен кездесті. Сондай-ақ, мал азығын дайындау және ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің жай-күйі мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты. Депутат өз сөзінде биылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы қысқа жем-шөп дайындау мәселесі өте өзекті екенін атап өтті.

«Қысқа мал азығын даярлау үшін аудан халқын қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету маңызды. Ауыл тұрғындарына егін жинау науқанында сәттілік тілеймін», – деді Нұрлан Бекенов.

Сонымен қатар сенатор былтыр күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген аудандық ауруханаға арнайы барды. Дәрігерлермен кездесуде халыққа медициналық көмек көрсету, тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, және ауданда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу мәселелері талқыланды.

Одан бөлек, депутат Астраханка ауылында жақында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметімен танысты. Көпбейінді бұл нысанда футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, сондай-ақ, жаттығу залы мен жүзу бассейні бар. Нұрлан Бекенов ауылда осындай орталықтардың ашылуы және оның жергілікті халыққа қолжетімді болуы аса маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортты дамытуға баса мән беріліп келеді. Осы бағытта аудандарда жаңа спорт нысандарын салу, жұмыс істеп тұрған орталықтардың материалдық базасын жақсарту, оның ішінде қазіргі заманғы спорттық бұйымдар алудың маңызы зор», – деді сенатор.

Бөлісу