Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

17.02.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі, Қаржы және бюджет комитетінің отырысында, теңіз аварияларының зардаптарын жою бойынша «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралуда.

Аталған Конвенцияны ратификациялау, отандық су секторларына кіретін кемелердің жауапкершілігін сақтандыру және қаржылық қамтамасыз ету бойынша міндеттерін белгілеуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, апат кезінде кемені көтеру шығындарын тікелей сақтандыру компаниясына қоюға немесе басқа мемлекеттің теңіз әкімшілігінен кепілдік алуға мүмкіндік береді.

Еліміздің теңіз порттарындағы жүк айналымының көлемін көтеру экономиканың дамуы үшін маңызды екені белгілі, сол себепті, Каспий теңізінің Қазақстандық секторында батып кеткен кемелерді көтеріп, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған конвенцияны ратификациалау қажет деп санаймын.

Заң жобасын талқылау бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, мен осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу