Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

03.03.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі, Қаржы және бюджет комитетінің отырысында келесі қаралатын «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы да  сот жүйесінің қайта кұрылымдауына ықпал етеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жоғарыда қаралған заң жобаларының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Парламент депутаттарымен әзірленді.

Сот жүйесіне жүктемені біркелкі бөлуге, қоғамдық дауларды қараудағы сот тәжірибесінің аражігін ажыратуға мүмкіндік береді және азаматтың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және оны іске асыру бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, мен осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулерсіз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу