Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша қосымша баяндамасы

09.06.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша қосымша баяндамасы

(Комитет отырысына, 09.06.2021 ж.)

 

 

Құрметті Ольга Валенитновна!
Құрметті әріптестер!

 

Мемлекеттік органдардың қызметтік іс қағаздарын алмасуы кезінде және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қабылдау, сақтау, тасымалдау мен жеткізу кезінде қолданылатын үкіметтік курьерлік байланыс түрі ол – Фельдъегерлік байланыс.

Бүгінгі, қаржы және бюджет комитетінің отырысында қаралатын «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары да, осы байланыс түрінің міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық бекітуге және одан әрі дамытуға бағытталған.

Аталған заң жобаларында фельдъегерлік байланыс қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін регламенттеу, құзыретін айқындау және әлеуметтік кепілдіктерін арттыру көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық нормаларын, «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасының ережелерімен сәйкестендіру мақсатында, ілеспе заң жобасы әзірленді.

Заң жобалары бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, осы заң жобаларын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу