Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасы бойынша Палата отырысы

10.11.2022 0

2022 жылғы 10 қарашада Сенат Төрағасының Өкіміне сәйкес Палатаның отырысы өткізілді. Күн тәртібінде бірқатар заң жобалары талқыланды.

Солардың бірі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы жөнінде Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі депутат Бекболат Орынбеков баяндама жасады. 

 

Сенатор өз баяндамасында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты күшейтуге, жалпы сипаттағы трансферттердің заңда белгіленген сомаларын қатаң сақтауға және өңірлердің дербестігі мен өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайын арттырудың басымдығы қағидаты негізінде, бюджет саласында барлық шешімдерді қабылдау маңыздылығын айтты.

Бөлісу