Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «ҚР Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «ҚР Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

30.11.2022 0

ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын қарастырды. Аталған отырыста депутат Бекболат Орынбеков баяндама жасады.

Сенатор өз баяндамасында Қазақстан мен Түрікменстан сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімді іске асыру азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

 Комитет мүшелерінің талқылау қорытындысы бойынша Заң жобаны бас комитетке ескертулерсіз жолдау туралы шешім қабылданды.

Бөлісу