Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Бас Заң жобасы емес) «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша С.А. Мәкежановтың комитеттің отырысындағы қосымша баяндамасы.

10.11.2020 0

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық

бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық

қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген

трансферт туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының жобалары бойынша Конституциялық заңнама,

сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің

отырысындаС.А. Макежановтың сөйлейтін сөзі

 

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер!

 

Қараудағы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2021 жылға республикалық бюджеттің кірісін 11 277,0 млрд (жалпы ішкі өнімге 14,7%) сомасында анықтаған. Салық түсімдері 6 635,6 млрд. теңге деп көлемінде болжанып отыр. Салықтық емес түсімдер бойынша 690,1 млрд. теңгеге немесе 70,7%-ға төмендеу жоспарланып 2021 жылы 286,4 млрд. теңгені құрайды.

Республикалық бюджет шығындарының жалпы көлемі 2021 жылы 14 048,9 млрд. теңгені құрайды, жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,3%-ды құрайды. Сонымен қатар «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша 187,9 млрд.теңгеге немесе минус 22,5%-ға қысқару орын алып отыр.

2021 жылға арналған республикалық бюджеттің функционалдық топтар бойынша шығындарының құрылымын салыстырмалы түрде талдау әлеуметтік көмекті және әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыру және трансферттер (15%) дәстүрлі түрде ең көп бөлікті алып отырғанын көрсетті.

Одан ары кему бойынша денсаулық сақтауға – 11,6%, білім беруге – 9,5%, қарыздарды жабуға – 6,6% шығындар көзделуде. Басқа функционалдық топтар бойынша шығындар 5,1%-дан аспай тұр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві 2021 жылға 360,0 млрд. теңге көлемінде белгіленді.

Осы заңды қарау барысында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді. Заң жобасын талқылау барысында Комитет мәселелері бойынша профильді мемлекеттік органдарын цифрландыру, ҚР мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің және Әділет министрлігі қызметкерлерінің еңбекақыларын балдық-факторлық жүйе бойынша төлеу мәселелерін қаржыландыру, жергілікті учаскелік полицияның ғимараттарын жаңғыртуға қаражат бөлу, сондай-ақ 21 мамандандырылған әкімшілік соттарын құруға қаражат бөлу қарастырылды.

Комитет Төрағасынының тапсырмасы бойынша анықталғандай, бүгінгі күні ҚР Ішкі істер министрлігімен полиция учаскелік инспекторларының және білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің жалақасын көтеру бойынша мәселе Президент Әкімшілігімен пысықталуда. Оларға алдын ала есеп бойынша қосымша 104 млрд. теңге бюджетке қаражат қажет етеді. Оның ішінде:

- 3 млрд. 223 млн. теңге (6481 шаттық бірлік) полиция учаскелік инспекторларына;

- 2 млрд. 328 млн. теңге (1143 шаттық бірлік) ІІМ-нің білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне.

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетін жан-жақты қарап, нәтижесінде ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық-сервистік бағдарламасын қолдауға және прокуратура органдарының ғимараттарын күтіп ұстауға, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын-үй төлемдерін белгілеуге қатысты ұсыныстары салыстырмалы кестеде жинақталған. Салыстырмалы кестені қарастыруды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу