Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Агломерацияларды дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобалары бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

19.12.2022 0

«Агломерацияларды дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша Комитет отырысындағы депутат Б.К. Байахметовтің қосымша баяндамасы


2022 жылғы 19 желтоқсан

 

Құрметті әріптестер!

 

       Агломерацияларды дамыту туралы  және оның ілеспе Заң жобасы, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасы басшылыққа алынып, агломерацияларды дамыту үшін, тиімді институционалдық  орта   құру,  оның   қызметіне   жаңа тәсілдерді енгізу және  өңірлік және республикалық деңгейлерде кеңестер құру мақсатында әзірленген.

    Заң жобасы  нормаларымен, Үкіметтің,  және уәкілетті органның, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агломерацияларды дамыту саласындағы құзыреттері  айқындалған.

    Агломерациялар  аумағындағы жергілікті маңызы бар міндеттерді бірлесіп шешу үшін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қала құрылысын жоспарлау, инфрақұрылымын жоспарлау, сәулет және құрылыс қызметін және бюджеттік процестерді іске асыру саласындағы өкілеттіктері  кеңейтілген.

     Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар арасындағы, оның ішінде өңірлердің экономикалық дамуы, салалық өзара қатынастары, инфрақұрылым объектілерін бірлесіп пайдалану үшін өзара үйлестіру қатынастарын  жақсарту қарастырылған.

      Заң жобасында,  қала орталығын да, қала маңындағы аймақтарды да дамытуға бағытталған агломерация жобаларын бірлесіп қаржыландыру бойынша қала және іргелес облыс бюджеттері арасында көлденең трансферттер мүмкіндігі ұсынылған.

    Аталған заң  жобалары,  өкілетті орган мамандарымен жұмыс тобы отырысында қаралып жан-жақты талқыланды.  Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар алынды.

       Жоба  бойынша депутаттардан басқадай ұсыныстар түскен жоқ.

      Осы орайда, Құрметті әріптестер!  заң  жобаларының оң қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгеріссіз  жіберуді сұраймын.

 

Назарларыңызға рахмет!
Бөлісу