Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

21.12.2022 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысындағы депутат Б.К. Байахметовтің қосымша баяндамасы

2022 жылғы 21 желтоқсан

 

Құрметті Серікбай Өтелгенұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты жою бағыты дәйекті түрде іске асырылып жатқандығы белгілі.

Бұл тұрғыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және жаңғырту жөніндегі жұмыс өте маңызды.

Себебі, сыбайлас жемқорлық, ең алдымен, біздің халқымыздың руханиятына, имандылығы мен адамгершілігіне зиян келтіре отырып, қоғамды ішінен ыдыратады және адамдардың санасын, оның ішінде құқықтық сана-сезімін бұзады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірледі.

Заң жобасы белгіленген қағидаларға сәйкес, жария талқылау сатысынан өтті, ғылыми сараптамалардың (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы), «Атамекен» ҰКП-нің қорытындылары алынды, сондай-ақ Агенттіктің қоғамдық кеңесі мақұлдады, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Президент Әкімшілігі мен Үкімет қолдады.

Заң жобасының маңызды новеллалары мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар шығыстарының олардың табыстарына сәйкестігін бақылауды енгізу, негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті белгілеу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Бұл озық халықаралық стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруда елеулі қадамға айналады және елеулі профилактикалық әсерге ие болады.

  Құрметті депутаттар, осы заң жобасын қолдауларыңызды және осы заң жобасы бойынша оң қорытындыны бас Комитетке жолдауды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу