Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал

Сауалдың жолданған күні және нөмірі 08.12.2022, 16-13-45 Д/С
Бастамашы Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы
Сауал мүшелері Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, Нұралиев Әбдәлі Тоқбергенұлы
Адресат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Смайылов Әлихан Асханұлы
Сауалдың қысқаша мазмұны «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы
Құжат

Жауаптар

Жауап беру күні және нөмірі 10.01.2023 , №17-09/6268
ТАӘ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Смайылов Әлихан Асханұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны Құрметті депутаттар! Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет саласындағы цифрлық технологияларды дамытуға қатысты депутаттық сауалдарыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз. 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) орындалуы туралы, оның ішінде ауыл халқын қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратқа қатысты Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ұзындығы 20 мың км «Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы іске асырды, бұл 1257 ауылдық елді және мекенді және 3718 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекеменің байланыс операторларының қызметтеріне қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Желілерге, сондай-ақ Интернет қызметтерін жеткізуші компаниялардың жұмыстарына талдамалық зерделеу жүргізуге қатысты Қазіргі уақытта байланыс қызметтерін операторлар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес берілген лицензиялар мен тиісті хабарламалар негізінде ұсынады. Анықтама: лицензияланатын байланыс қызметтері: қалааралық телефон байланысы, халықаралық телефон байланысы, спутниктік жылжымалы байланыс, ұялы байланыс. Республика аумағында 22 компания лицензиялар негізінде, сондай-ақ 610 компания хабарлама негізінде байланыс қызметтерін ұсынады. Халықты Интернетке қолжетімділікпен қамту 99.3% құрады және ұлттық жобаның «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» нысаналы индикаторына (КЖД үй желілерінің ену деңгейі) 92,4%-ға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Интернет сапасы мен айыппұл мөлшерін ұлғайту бойынша талаптарды қатаңдатуға қатысты Байланыс саласындағы уәкілетті орган 2022 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін байланыс операторларының жауапкершілігін арттыру мақсатында ӘҚБтК-ге (637-бап, «Пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету» деген 14,15-бөлімдер) айыппұлдарды (100-ден 1000 АЕК-ке (операторға бірінші айыппұл) дейін) және 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін (бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін) ұлғайту бөлігінде түзетулер енгізді. 2022 жылы жүргізілген 1175 жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша байланыс операторларына анықталған бұзушылықтар үшін айыппұлдар салынып, 835 млн теңге өндірілді. Қуатты деректер өңдеу орталықтарын (ДҚО), трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдарды, ірі цифрлық хабтарды салу жөніндегі ұсынысты қарауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынның Цифрлық өңірлік хаб қалыптастыруы бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 90 млрд теңге жеке инвестицияларды тарта отырып, екі жоғары технологиялық деректерді өңдеу орталығын (бұдан әрі – ДҚО) салу жоспарлануда. Анықтама: Деректерді өндеу орталығы арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес транзит пен деректерді сақтау және 2029 жылға қарай Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы деректер трафигі транзитінің үлесін 3%-дан 8%-ға дейін арттыру жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар Каспий теңізінің түбіндегі трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдардың және Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстыруға мүмкіндік беретін «Батыс-Шығыс» ұлттық гипермагистралінің құрылысы жоспарланған, жұмыстар тиісінше 2025 және 2027 жылдары аяқталады. Бизнес өкілдері үшін байланыс арналарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылды, негізінде кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды дербес белгілеуге құқылы. Анықтама: Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру үшін негізгі айқындаушы өлшемшарттар ұсыну технологиясы емес, нарықтың ағымдағы конъюнктурасы, сондай-ақ байланыс операторларының әртүрлі технологиялар бойынша Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынуға арналған шығындары болып табылады. Жергілікті атқарушы органдарды коммуникациялық техникалық жарақтандыруға қатысты «Байланыс туралы» Заңға сәйкес байланыс желілерін, телекоммуникациялық жабдықтарды күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді, техникалық жарақтандыруды және жаңғыртуды тікелей меншік иелері, бұл жағдайда жергілікті атқарушы органдар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Белгілі халықаралық IT-компанияларды тартуға, ірі технологиялық компаниялармен әріптес бола отырып, жоғары деңгейдегі IT-кадрларды даярлауға қатысты «Астана» халықаралық қаржы орталығының экспат-орталықтары мен TechGarden Алматы базаларында шетелдік IT-мамандар мен компаниялар үшін «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша арнайы қызметті іске қосты. Қазіргі уақытта IT-компания ҚР-да 321 заңды тұлға ретінде тіркелді (оның ішінде АХҚО базасында), оның 223-і Astana Hub қатысушысы ретінде тіркеуге өтінім берді және 163-і технопарк қатысушысын тіркеу туралы куәлік алды. Анықтама: Қазақстанға Plug and Play және Google for Startups, EPAM, Nexters, Playrix және Mytona, Ozon орталығы және т.б. сияқты ірі халықаралық технологиялық компаниялар тартылды. Tech Orda бағдарламасы бойынша халықаралық трансұлттық технологиялық компаниялардың ішкі курстарында IT-мамандарды Қазақстандағы осы компаниялардың өкілдіктерінде одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында оларды IT-мамандықтар бойынша оқытуды қаржыландыру жоспарлануда. Ә. Смайылов
Құжат