Аталған жобаны іске асыру жөнінде 2021 жылы Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы бастама көтерді. Бастаманы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдады.
Мектеп 2022-2025 жылдар аралығында төрт мәрте өтті. Онда мемлекеттік қызмет, академиялық және аналитикалық ұйымдар, БАҚ, ұлттық компаниялар, сондай-ақ азаматтық сектордан 300-ге жуық қатысушы білімін жетілдірді.
Курс шеңберінде қатысушылар сенбі күндері 8 апта бойы деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін меңгереді, сараптамалық материалдарды әзірлеу тәсілдерін жетілдіреді.
Оқу қорытындысында қатысушылардың топтық талдамалық материалдары жинақ үлгісінде жарық көреді. Жинақ Парламент депутаттарына және мүдделі мемлекеттік органдарға жұмыс барысында зерделеу үшін жолданады.
Қатысушыларға белгілі қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері, сарапшылар дәріс оқиды.
