«Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша Комитет отырысында баяндама жасады
Құрметті депутаттар!
Комитет отырысына қатысушылар!
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" ҚР Үкімет құзыретінің бір бөлігін министрліктер мен әкімдіктерге беруді тапсырды.
ҚР Үкімет әзірлеген Әкімшілік реформа жөніндегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары Үкіметті кейбір функциялардан едәуір босатуға бағытталған, бұл орталық мемлекеттік органдарға маңызды шешімдер қабылдауда икемділік, жеделдік пен дербестік береді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтеді.
Аталған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік органдар салалық шешімдер қабылдауда үлкен дербестікке ие болады және олардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі артады деп күтілуде.
Осыған ұқсас салдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті деңгейде салаларда мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігіне жауап беретін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне де қатысты болады.
Заң жобалары бойынша бас комитет, Парламент Сенатының басқа комитеттер депутаттарының қатысуымен үш жұмыс топтарын өткізді, онда бірқатар ұсыныстар мен ескертулер көтерілді. Аталған ұсыныстар мен ескертулерге сәйкес, Заң жобасын әзірлеушінің тарапынан тиісті түзетулер енгізілді.
Тұтастай алғанда, Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.
Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заң жобасының оң қорытындысын Бас комитеттің қарауына ескертулерсіз жіберуді ұсынамын.
Рахмет!