Сенатор Сәкен Қаланұлы Арубаев «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрақ қойды
Мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкіліне жолданды:
Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде микрокредит беру есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту,
оған 7 жыл ішінде 1 трлн. теңге қаржы жұмсау, миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамти отырып, кооперативтік кәсіпкерлікке жеке қосалқы шаруашылықты тарта отырып, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Жалпы, біз бұл бастаманы қолдаймыз.
Алайда, 2017 жылғы жағдай қайталануы мүмкін деген алаңдаушылықта бар, ол кезде Агроөнеркәсіп Кешенінің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, несиелер мен субсидиялар алу үшін ресми түрде кооперативтер құрылғанымен, басым көпшілігі жұмыс жасамай, несиелер қайтарылмады.
Сұрақ:
- Осы жағдай қайталанбай ма, оған жол бермеуді бақылау, қалай жүзеге асырылады?
- Әкімдіктер жоспарланған индикаторларды орындау мақсатында халықты кооперативтер құруға мәжбүрлеп жүрмей ме?