Сенатор Сәкен Қаланұлы Арубаев Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қатысты сұрақ қойды
ТКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) реформасына сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ПИК (пәтер иелері кооперативі) жойылып тұрғын үй қорын жүргізу «МИБ» Меншік иелерінің бірлестіктері, сондай-ақ «ЖК» Жай серіктестіктерге ауысуы керек еді. Меншіктің барлық нысандары тұрғын үй иелерінен ұжымдық жауапкершілікті талап етеді.
Алайда, реформаны іс жүзінде жүзеге асыру оның тиімділігіне кері әсер ететін бірқатар мәселелерді анықтады. Сондықтан, норманың қолданылуын 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін яғни кейінге қалдыратын түзетулер енгізілді.
Буған бірнеше себептер бар, ол пандемия, кезіндегі жиналыстарға жол берілмегендігі, жаңа нормалар бойынша жеткілікті түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі. Тұрғын емес үй-жайлардың тұрғындары мен иелерінің өздері Мүлік Иелерінің Бірлестіктердың жаңа форматында жұмыс істегісі келмеуі және оған дайын болмауы, яғни өз үйіне қызмет көрсетуді өз қолына алу. Сондай-ақ, бұл салада тәжірибе мен білімнің жоқтығы, ең бастысы, қоғамда әлеуметтік шиеленісті тудыратын тарифтердің өсуі.
Осыған байланысты сұрақ туындайды.
Сіздің ведомствоңыз осы жағдайдан шығудың қандай жолын қарастырып отыр?
Заң жобасында осы проблеманы реттеуге бағытталған нақты нормалар көзделе ме?
Осы мәселені реттеу үшін қандай шаралар қабылдануда?