Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы комитет отырысында қаралды.

19.04.2023 157
АРУБАЕВ С.Қ.                      «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

«1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсетудің тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ әрбір Тараптың аумағында құрылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы тарапынан құзыретті мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылады. Қырғыз Республикасы тарапынан құзыреті мекемелері Қырғыз Республикасы Әділет министрлігі, Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы және Сот департаменті болып табылады.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты қаралды, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Заң жобасы қабылданған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.

 

Құрметті әріптестер!

Баяндалғанның негізінде Заңның 27-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістер халықаралық шарттардың өздерінің күшіне ену талаптарына сәйкес және сол тәртіппен күшіне енеді, осыған орай Хаттама ратификациялауға жатады.

Осы себептерге байланысты заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз бас комитетке жіберуді ұсынамын.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Бөлісу