Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сәкен Арубаев Жамбыл облысында іс сапарымен келді

02.08.2023 150

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында болған кезде Ақтоған шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуды және оның келешегін, сондай-ақ сала бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады. Сенатор сондай-ақ Жақсылық ауылындағы «Нұр-Ай» бөбекжай бақшасының қызметімен және Құлан ауылындағы жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты.

Депутат Меркі ауданында болған кезде «Балауса» бөбекжай бақшасының, «Трансфер» шаруа қожалығының жұмысымен және Қайыңдысай ауылындағы оқу орнының құрылысымен танысты.

Сәкен Арубаев сонымен қатар Меркі аудандық мәслихатының депутаттарымен де кездесті. Жүздесу барысында ауданның өзекті мәселелері, атап айтқанда мал және өсімдік шаруашылығын өркендету жайы талқыланды.

Бөлісу