Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сәкен Арубаев Қордай ауданындағы шаруа қожалықтарының мәселелерін талқылады

03.08.2023 143

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысының Қордай ауданында болды.

Сенатор сапар барысында Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының егіс алаңы мен «Сол жақ тармақ» арнасы аумағында болды және шаруа қожалықтарының өкілдерімен су тапшылығы мен оның өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Депутат сонымен қатар жаңа мемлекеттік мұрағат құрылысының барысымен танысты және мекеме қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуге қатысушылар мұрағат қызметі мен осындағы қызметкерлердің жалақысының төмендігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Бөлісу