Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту тақырыбындағы Комитеттің көшпелі отырысы аясында өңірдің ірі өндірістік объектілеріне барып, олардың жұмысымен, өндіріс технологияларымен және инновациялық жобаларымен танысты.

06.12.2025 141

«ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС – Түркістан облысының ең ірі жылыжай кешендерінің бірі, 2025 жылы құрылған. Жобаның жалпы құны 42 млрд. теңге, оның ішінде 23,5 млрд. теңге несие қаражаты жұмсалған. 466 гектар аумақта орналасқан кешен жылына 25 мың тонна қызанақ өндіруге мүмкіндік береді және 350 адамға тұрақты жұмыс орнын ұсынады. Жылыжайларда энергияны үнемдейтін жүйелер мен цифрлық мониторинг енгізілген, бұл өнімнің сапасын арттыруға және экологиялық таза өндірісті қамтамасыз етуге көмектеседі. Кешен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, экспорттық әлеуетті арттыру және инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.

«КАЗКРАХМАЛ» ЖШС – бидай мен жүгеріден крахмал өндіретін заманауи өндіріс орны. Өндіріс технологиялары өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз етеді. Компания өндіріс процесін цифрландыру, экологиялық таза шешімдерді енгізу және өңделген өнімді экспортқа шығару жобаларын жүзеге асыруда, бұл саладағы тиімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Араланған объектілер ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды қолданудың, өнімді терең өңдеудің және экспорттық әлеуетті арттырудың тиімділігін көрсетті. Көшпелі отырыс барысында өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған  ұсыныстар жинақталып, Үкіметке жолданатын болады.
Бөлісу