Агрокредиттеуді цифрландыру, субсидиялар бойынша берешекті өтеу және кепіл саясатын жеңілдету қажеттілігі туралы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О.А. Бектеновке
Құрметті Олжас Абайұлы!
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігі – мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі.
2021–2025 жылдары аграрлық секторды қолдау бағытында бірқатар жүйелі шаралар қабылданып, «Аграрлық кредиттік корпорациясына» «ҚазАгроҚаржы» АҚ қосылып, 12 кредиттік өнім 3 базалық бағдарламаға біріктірілді.
«Кең дала», «Кең дала-2» бағдарламалары арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен 1,2 трлн теңгеден астам қаражат бөлініп, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының маңызды құралына айналды.
Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында «Агробизнес», «Агробизнес 2.0» бағдарламалары арқылы 167 жобаға 115 млрд теңгеден астам қаржы бөлінсе, «Іскер» және «Агробизнес» бағыттары арқылы ауыл кәсіпкерлеріне 120 млрд теңгеден астам қаражат берілді.
Дегенмен, Аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы агроөнеркәсіп субъектілерін қаржыландыруда бірқатар шешуді қажет ететін жүйелі мәселелер сақталуда.
Біріншіден. Кредит алуға өтінім беру және қарау процестері әлі де толық цифрландырылмаған. Бір өтінімге 20-дан астам құжат талап етілсе, жүйенің толық Интеграцияланбауынан оларды қарау мерзімі 3–4 айға дейін созылады. Сонымен қатар, аудандық филиалдардың болмауы шағын шаруашылықтардың қаржы ресурстарына қолжетімділігін төмендетеді.
Екіншіден. Ауылдық жерлердегі кепіл мүлкінің құны өтімділік коэффициенттері арқылы қосымша төмендетіліп, нақты нарықтық құны емес, едәуір төмендетілген сомасы есепке алынады.
Үшіншіден. Бір бас малға белгіленген қаржыландыру лимиттері нарықтағы нақты бағалардан 30–40 пайызға төмен. Бұл шаруалардың жеке шығындарын арттырып, асыл тұқымды мал сатып алу көлемін қысқартады.
Төртіншіден. 1 гектарға шаққандағы қаржыландыру лимиттері нақты өндірістік шығындарды толық қамтымайды. Кейбір дақылдарға кеткен шығындардың небәрі 35–50 пайызы ғана өтеледі.
Бесіншіден. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша төлемдердің кешігуі салдарынан фермерлер несиелер бойынша толық пайыздық мөлшерлемені өз қаражаты есебінен төлеуге мәжбүр. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жинақталған берешек 340 млрд теңгеден асады.
Алтыншыдан. Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын кредиттеу мерзімі 12 аймен шектелген, алайда ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық ерекшеліктерін ескерсек, бұл кәсіпорындардың тиімділігін төмендетеді.
Жетіншіден. Ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті тек 3 ай бұрын ғана беру талабы ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға және кредит алу мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді.
Сегізіншіден. Кредиттік серіктестіктердің төлем тәртібі бойынша мәселе бар. Бір ғана қарыз алушының міндеттемені орындамай, оны өндірудегі Сот процестерінің созылуынан басқа серіктестіктің кредиттік желісі жабылып, қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде Үкіметтен:
1. Аграрлық кредиттеу процестерін толық цифрландырып, мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған онлайн өтінім жүйесін енгізуді.
2. Оң кредиттік тарихы бар қарыз алушылар үшін скорингтік бағалау жүйесін енгізіп, құжаттар санын қысқартуды.
3. Кепіл мүлкін бағалаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп, маркетплейстермен интеграциялауды.
4. Асыл тұқымды мал мен егіс шығындары бойынша қаржыландыру лимиттерін нарықтық бағаларға сәйкес қайта қарауды.
5. Субсидияларды уақытылы төлеуді қамтамасыз етіп, берешектерді қысқарту жөнінде нақты жоспар қабылдауды.
6. Қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын кредиттеу мерзімін ұзартуды, ал лимиттерді 5,0 млрд теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды.
7. Жерді жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті кемінде бір жыл бұрын беруге мүмкіндік жасауды.
8. Кредиттік серіктестіктерге төлемдік талап қою арқылы берешекті сотқа дейін өндіріп алу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесін қарастыруды сұраймыз.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы жазбаша жауапты заңда белгіленген мерзімдерде ұсынуды сұраймыз.
Құрметпен, С. Арубаев
Ә. Бектаев
О. Булавкина
С. Дүйсембинов
Ж. Жөргенбаев
А. Өтеғұлов
Е. Әйткенов
З. Кузиев