Закиржан
Пирмухамедович
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.
1969 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Білімі: кәсіптік-техникалық және жоғары, «КТУ-16 Алматы құрылыс техникумы» «Құрылыс паркет ұстасы» мамандығы бойынша және Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5-разрядты ағаш ұстасы, білдекте істейтін жұмысшы (1990-1991);
- «Төрт и К» шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорынның бас монтаждау бөлімінің нұсқаушысы (1991-1992);
- «Бірлік» ШЖК директорының орынбасары (1992-1993);
- «Назигум» шағын жеке кәсіпорнының директоры (1993-1996);
- «Универсал» АҚ президенті (1996-1999);
- «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры (1999-2005);
- «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры (2005-2008);
- «Универсал» ЖШС президенті, Байқау кеңесінің төрағасы, бас директорының кеңесшісі (2008-2010);
- «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС құрылтайшысы (2005 жылдан бастап), «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, «Универсал» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:
- V-VI сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Бюджет, тарифтік саясат, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі (2016-2022);
- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (2017 жылдан бастап), Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары (11.2020-28.04.2022);
- Қазақстан халқы Ассамблеясынан VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.04.2022-19.01.2023);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (25.01.2023 жылдан бастап);
- Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы Алматы облысындағы филиалының төрағасы; Алматы облысындағы «Атамекен» өңірлік кеңесінің мүшесі; «Универсал» компаниялар тобының Байқау кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «2007 жылдың үздік кәсіпкері»; «Құрмет» орденінің иегері; «Ерен еңбегі үшін» медалі; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалінің иегері; «Халық алғысы» медалі; «Алтын Жүрек» қоғамдық ұлттық сыйлығының лауреаты; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелік медалі; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы; Nur Otan партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі; «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атағы; «2007 жылдың үздік кәсіпкері» «IMPORT EXPORT AWARD» ордені; интеграциялық процестерді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «United Europe» халықаралық сыйлығының (біріккен Еуропа) және «Жылдың үздік топ-менеджері» халықаралық дипломымен және Құрмет белгісінің («Best Manager of the Year») иегері; Панфилов ауданының құрметті азаматы. «Үздік инженер» атағы бар.
25-тен астам ғылыми жұмыстың авторы. Спортты, білім мен мәдениетті, денсаулық сақтауды қолдауға, Алматы облысы мен Қазақстан Республикасының аз қамтылған азаматтары үшін азық-түлік өнімдеріне қомақты қаражат бөле отырып, жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткізеді.
Кеңес Армиясының Қарулы күштеріндегі қызмет (1988-1990).