Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечинамен және әріптесім Сенат депутаты - Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Ләззат Қалтаевамен бірге Солтүстік Қазақстан облысына келіп, бірқатар кездесулер өткіздік.

02.07.2024 267

 

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечинамен және әріптесім Сенат депутаты - Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Ләззат Қалтаевамен бірге Солтүстік Қазақстан облысына келіп, бірқатар кездесулер өткіздік.

Өңірдегі халық қалаулыларымен, ҮЕҰ өкілдерімен кездесулердегі тақырыптардың бірі- өзекті болған көктемгі су тасқынының салдарын жою, су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау  болды.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының VIII шақырылымның II сессиясында жұмысы туралы оның ішінде 102 заңның олардың, 33–і  депутаттық бастамашылығымен әзірленіп қабылданғаны туралы және  Үкімет пен мемлекеттік органдарға 200 депутаттық сауал жолданып, онда азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелердің көтерілгені жайлы  айтылды.

 Сондай-ақ, қабылданған заңдардың кейбір нормаларына тоқталып, ол жерде халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, мемлекет кепілдік берген пациенттердің құқықтарын іске асыру, медициналық кәсіптің мәртебесі мен беделін арттыру жөніндегі нормаларды, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аталған санаттағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық шараларын күшейту сияқты маңызды бағыттары туралы түсіндіріп өттік.

 Жоспарланған кесте бойынша келесі нысан Петропавл қаласындағы облыстық перинаталдық орталық базасында ашылған "Қамқорлық" балаларға арналған оңалту орталығы болды. Мұндағы қызметтер СҚО тұрғындары үшін тегін ұсынылады. Кездесуге тек невропатологтың жолдамасы қажет, Орталық күніне 15 науқасты қабылдай алады.

Балалар денсаулығына ерте жастан араласу орталығы осы жылдың екінші ақпанында облыстық перинаталдық емхана ғимаратында  жұмыс істей бастады. Мұнда туылған жастан бастап үш жасқа дейінгі балалар жаттығу терапиясының мамандарын, невропатологтарды, реабилитологтарды,  кәсіби  терапевттердің көмегін ала алады.

Сонымен қатар, әріптестеріммен бірге Орталық көрсететін механотерапия, сенсорлық, батыру және шунгит бөлмелері сияқты кабинеттер  жұмыс  істейтін бөлімше  қызметтерімен таныстық.

Әрине, осы он күннің ішінде біз инклюзия тақырыбына үш күнді толық бөлсек дейміз. Біз әртүрлі ұжымдармен кездесеміз. Біз сондай-ақ медициналық мекемелерде, білім беру мекемелерінде, спорт кешендерінде мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдайлар жасалатынын  көргіміз келді

Сондай-ақ, кестеге сәйкес тасқын судың зардабына ерекше  ұшыраған аудандарға барып, халықпен кездесіп және тасқын су жағдайынан кейінгі оңалту  жұмыстарының  қаншалықты атқарылып жатқанын көріп қайтуды   жоспарлап отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу