Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

25 қыркүйекте облыс орталығынан 460-470 шақырым жерде орналасқан Уәлиханов ауданының Қаратерек, Тілеусай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп қайтты.

25.09.2024 275

25 қыркүйекте біз облыс орталығынан 460-470 шақырым жерде орналасқан Уәлиханов ауданының Қаратерек, Тілеусай ауылдарының тұрғындарымен кездестік. Кездесуде жергілікті тұрғындар күнделікті проблемалық мәселелерін айтып, шешу жолдарын қарастырып бізден барынша ықпал етуді сұрады.

   Ауыл тұрғындары автомобиль жолдарының сапасы нашар, қатынауға  жарамсыз күйде екенін айтты. Олардың айтуынша, жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмейді, мәселен  Қаратерек ауылы аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан,  бұл қашықтықты ауыл тұрғындары белгіленген уақыттан 3-4 есе ұзақ жүреді, бұл әсіресе қақаған қыс айларында өте қиын.

Екінші мәселе, ол ауылдардың орталықтан шалғай орналасуы, Қаратеректе небары 140 адам ғана тұрады, ал мектеп жасындағы балалардың санының күрт азаюынан 300 орындық мектепте, бүгінгі таңда 25 бала ғана оқып отыр. Бұл жағдай мектептің жабылуына әкеліп соғатыны белгілі. Ауылдарда автобус қатынасы мүлдем жоқ, сонымен қатар жедел медициналық жәрдем көлігі жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұмыс істемейді, қыста салон суық, жылуы жоқ дейді. Сондай- ақ, тұрғындардың шекаралық өткізу пунктінің жұмысына да ескертулері болды.

Тілеусай елді мекені ауыз судың сапасына наразы, оның түсіне, иісіне, дәміне байланысты  ішуге мүлдем жарамсыз екенін айтты. Ауыз су мәселесі әрқашан өзекті, тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету аса маңызды мәселенің бірі екені белгілі.

Ауыл тұрғындарының осы және басқа да мәселелерін өз бақылауымызға алып, жұмыс барасында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарайтын боламыз.

Өз кезегімізде біз ауыл азаматтарына  АЭС құрылысының маңыздылығы туралы түсіндірдік,  бұл тек технология мен экономика мәселесі ғана емес, бұл қоғамдық келісім мәселесі. Бұл экономиканы дамыту және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін тұтастай алғанда әрбір азаматтың және елдің өмірі үшін маңызды екенін айттық

Ауыл тұрғындары атом электр станциясының құрылысын қолдап отыр, олар болашақта  экологиялық таза және жоғары тиімді электр энергиясын өндіру үшін  АЭС салу компанияларының ашылуы, жаңа жұмыс орындарын құралатыны, ел экономикасын тұрақты түрде дамытып, сол арқылы  үлкен жетістіктерге жеткізеді деген үмітте.

   

Бөлісу