Кестеге сәйкес, депутат сапар барысында Петропавл қаласындағы Подгора шағын ауданында бөгетті қайта жаңарту барысымен танысты.
Іс сапар кестесіне сәйкес жаңа жылдың алғашқы күндері Петропавл қаласының нысандарын араладық.
Подгора шағын ауданындағы бөгетті қайта құру үдерісімен таныстық. 1960 жылы салынған құрылыс Петропавлды су тасқынынан қорғауда шешуші рөл атқарады. Дәл осы облыс орталығының шағын ауданы өткен жылғы су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен болатын. Жүздеген үйлер мен құрылыстар, саяжайлар мен инфрақұрылым нысандары су астында қалды.
Бөгетті қайта құру жобасы жағалау сызығын нығайтуды және қорғаныс құрылымдарының деңгейін арттыруды қамтиды. Бөгеттің биіктігі 4,5 - тен 7 метрге дейін, ал ені 3-тен 6 метрге дейін ұлғайтылды.
Ғимарат 300 метрге ұзартылған. Нысанға 205 мың тонна инертті материал әкелініп, беткейлерді толтыру жұмыстары жүргізілуде. Қазір уақытта мердігер бөгетті бетон плиталармен нығайту жұмыстарын аяқтауда.
Бұл жобаның құны 851 миллион теңгені құрайды. Бөгетте жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу аясында Құрылымның беріктігіне кепілдік беретін сапалы материалдар мен заманауи технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылады.
Солтүстік Қазақстан облысында барлығы сегіз бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен көктемде 4 мыңнан астам тұрғын үй, 45 кәсіпкерлік субъектісі үлкен судан зардап шекті, автожолдардың 42 учаскесі зақымданған болатын.
Сондықтан биыл өңірде өткен жылғы жағдайды болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға барынша күш жігерлер жұмсалуда.