Өңірдегі оң өзгерістер елдегі заңнамалық процестерге ықпал ететін ең негізгі фактор болып табылады.
Жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әсем Рахметова мен Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г.Т. Нұрмұхамбетовпен кездесті, кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қаралды.
Негізгі инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері, халықты әлеуметтік қолдауды жақсарту жөніндегі шаралар, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін ерекше өзекті мәселелер талқыланды.
Өңірдегі оң өзгерістер елдегі заңнамалық процестерге ықпал ететін ең негізгі фактор болып табылады, өйткені біздің еліміздің заңнамасы ең алдымен қарапайым азаматтарды қолдауға бағытталған, - деп атап өтті депутат Әсем Рахметова,
Сондай ақ, депутаттар Аққайың ауданының, Ленин ауылындағы жол жөндеу және кентішілік жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен танысты.
Бұдан басқа, депутаттар "Оқжетпес"балалар жазғы лагерінде болып қайтты. Жазғы маусымға қарай барлық қажетті іс-шаралар және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізіліп, нысан өз жұмысын бастап кеткен.
"Оқжетпес" лагері-1957 жылдан бері өз тарихын жүргізіп келе жатқан облыстағы ең көне мекемелердің бірі. Өткен жылы оны күрделі жөндеуге 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл инфрақұрылымды толығымен жаңартуға мүмкіндік берді. 6 маусымда лагерь алғашқы демалушыларды қабылдады. Қазіргі уақытта мұнда 100 бала демалуда.
Депутаттар Смирново ауылында жол картасы аясында бірнеше жобаның жүзеге асырылуы және жұмыстардың аяқталу процесстерімен танысты. Олардың ішінде-жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы аясында ауылдағы бес көшенің жолдары жасалғанын, ауыл тұрғындары үшін жайлылық деңгейінің едәуір көтерілгенін көріп қайтты.
Аудан және ауыл басшылығы депутаттармен кездесу барысында бірқатар проблемалардың бар екенін айтты.
Олар қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар аудан мен ауылдарға бөлінетін қаражаттың уақтылы жеткізілмеуі және жеткіліксіздігіне байланысты жобалардың уақытылы жұмысын жүргізу мүмкіншілігі өте өзекті екенін және осы тұрғыда депутаттардан қолдауын сұрады.
Депутаттар өз тарапынан аудан тұрғындарын қолдап,барлық процесстерді заңнамалық тұрғыда бақылауға алатынын айтты.