Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметова Уәлиханов ауданына барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

02.07.2025 264

 

Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметова Уәлиханов ауданына барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Депутаттар өз сапарларын Кішкенекөл ауылынан Ақтойсай ауылына дейін жүргізіліп жатқан А-13 республикалық автожолының жөнделуін тексеруден бастады. Депутаттар жұмыстың уақтылы орындалуына да, жол төсемінің белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігіне де үлкен алаңдаушылық білдіріп,  жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тағы бір кліп кетуге уәде етті.

Сондай-ақ, сенаторлар Ақтойсай ауылында жаңадан салынған фельдшерлік-акушерлік пунктке барып, қызметкерлермен сөйлесті. Тексеру кабинеті, егу кабинеті, күндізгі стационар, емдеу кабинеті, жалпы практика кабинеті, дені сау бала кабинеті  орналасқан  ФАП бір жыл ішінде  салынып біткен.

"Ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігі әлеуметтік теңдіктің ғана емес, мемлекеттің жалпы даму деңгейінің де маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Біздің міндетіміз ауылда жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, оған мектептер, ауруханалар, жолдар және ауыз су кіреді", - деп атап өтті Ольга Перепечина ФАП  ұжымымен кездесуде.

Бидайық ауылында сенаторлар өткен жылы салынған сорғы станциясына барды. Қазіргі уақытта сорғы станциясы 280 үйдің 200-ін ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Сенат депутаттары Бидайық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Әңгіме барысында олар ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелермен танысып, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы хабардар етті.

Сенаторлар электр қуатын жиі өшіру, Ресеймен шекара қоршауларының болмауы, Жер ресурстарын ұтымсыз пайдалану және ұялы байланыстың қанағаттанарлықсыз жағдайы сияқты мәселелерге ерекше назар аударып, бұл мәселелрдің жеке бақылауға алынатын айтты.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізудің және оларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына жиі назар аударады.

Агроөнеркәсіп саласы үшін мамандар даярлауға көп көңіл бөлінеді, сұранысқа ие аграрлық мамандықтарды оқыту үшін алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады .

Біздің балаларымыздың оқудан кейін ауылға оралып, өз ісін ашып жұмыс істейтіндей ниеті болу  үшін  Үкіметтің  міндеті жұмыс істейтін жастарға ауыл өмірін тартымды ету  - деді Әсем Рахметова.

 

Бөлісу