Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

09.07.2025 272

Осы күндері әріптестерімізбен  бірге облыс орталығында бірнеше ұжыммен кездестік. 

Солардың бірі- өзім білім алған М.Қозыбаев университеті. Кезінде 10 мыңнан аса студент оқыған оқу орны қазір жаңару, жаңғыру кезеңінен өтіп жатыр. Ондаған жыл жөндеу көрмеген корпустарда жөндеу жұмыстары басталған. Керемет оқу лабораториялық орталық салынды. Жаңа 1200 орындық жатақхананың арқасында студеттер толық жатар орынмен қамтамасыз етіледі. 

Аризона университетімен жасалған келісім аясында түлектер қос диплом алып шығады. Бұл студенттер үшін керемет мүмкіндік екені анық. Егер сол шетелдік университетке барып оқысаңыз, оқу ақысы 40 мың. АҚШ доллары шамасында. Мемлекет 4.6 млн. теңге төлеп отыр. Ал білімі жетіп, байқаудан өткен бала мемлекеттік грант аясында тегін оқиды. 

Өткен жылға қарағанда шетелдік оқытушылар да көбейген. 

Бір байқағаным, ғылыми жобаларға арналған гранттар саны артқан. Олардың өндіріске бейімделгені көп.

Ендігі міндет, университетке құжат тапсыратын бала санын арттыру. 

Университет ректоры Ербол Исакаевтың әр процеске тікелей араласатыны сөзінен байқалады. Әр іске асқан жанашырлық, қызығушылық көрсетіп, жанып ақ тұр. Кездесуге қатысқан университет студенттері де альмаматер қабырғасындағы білім мен жағдайға ризашылықтарын білдірді, сөз арасында Парламентке экскурсияға сұранды
Бөлісу