М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін үздік аяқтаған 300 студентке диплом табыс етілді.
Бүгін облыс өміріндегі тағы бір қуанышты сәттің куәсі болдық.
Өңірдегі ең үлкен жоғары оқу орны- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін үздік аяқтаған 300 студентке диплом табыс етілді. Салтанатты шара Петропавл қаласының қақ ортасында, қалың жұртшылықтың алдында өтті.
Түлектерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, қоғам қайраткері Анатолий Башмаков, университеттің ректоры Ербол Исакаев, директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтук, ардагер ұстаз Мүкарам Тайжанова т.б. құттықтап, ақ тілектерін арнады.