Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2025 жылғы 29 желтоқсанда жұмыс сапары аясында депутат А.К. Рахметова Есіл ауданы Явленка ауылындағы жаңадан ашылған "Nomads-AI" шығармашылық орталығына барып қайтты.

29.12.2025 271

2025 жылғы 29 желтоқсанда жұмыс сапары аясында депутат А.К. Рахметова Есіл ауданы Явленка ауылындағы жаңадан ашылған "Nomads-AI" шығармашылық орталығына барып қайтты. Депутат орталықтың жұмысымен танысып, оның үй-жайларын қарап шықты. Орталық төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: коворкинг-кеңістік, робототехника және 3D-жоспарлау оқыту аймағы, жасанды интеллект пен стартап-жобаларды дамытуға арналған алаң, сондай-ақ заманауи жабдықталған медиа студия.

Студияда шығармашылыққа жақын аудан тұрғындары үшін ән жазуға және өз идеяларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. Робототехника мен 3D жоспарлауды оқытуда заманауи құралдар мен білім беру әдістері қолданылады. Бұл бағыт жастарға жаңа технологияларды игеруге, инженерлік ойлауды дамытуға және нақты жобаларды іске асыру арқылы практикалық тәжірибе алуға кең мүмкіндіктер береді.

Мекеменің тиімді жұмыс істеуі үшін 10 компьютер мен 7 ноутбук сатып алынды, заманауи жабдықтар орнатылды. Болашақта креативті орталық базасында түрлі білім беру бағдарламаларын, мастер-класстарды, хакатондар мен стартап-интенсивтерді өткізу жоспарлануда.

"Осы бағытта заң жобасын әзірлеуші ретінде мен қандай  мәселелерді шешу керектігін білу үшін келдім. Орталық басқа аймақтардағы ұқсас орталықтардан кем түспейді. Жастардың жасанды интеллектпен және шығармашылық индустрия элементтерімен жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл жағдай әрине бізді қуантады", - деді депутат.

Сондай-ақ Әсем Рахметова аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты. Биыл Сенатта 102 заң қаралды, оның 15-і депутаттардың бастамасымен іске асырылды. Жыл бойы өңірлерге 100-ден астам сапар ұйымдастырылды, онда халықтың ұсыныстары, пікірлері мен проблемалық мәселелері зерделенді.

 

Бөлісу