Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Мұндай форматтағы кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға заңнамалық өзгерістердің мәнін түсіндіру.

24.02.2026 259

Солтүстік-Қазақстан облысына  іс-сапар кестесіне сәйкес бүгін Ольга. Перепечина мен Әсем Рахметова ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің әлеуметтік салаға, еңбек кепілдіктеріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға қалай әсер ететіні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өңірдің еңбек ұжымдарымен бірнеше кездесулер өткізді.

Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында орналасқан аудандық аурухана және Қожаберген Жырау атындағы орта мектеп ұжымдарымен кездесуде депутаттар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет  саясатының әлеуметтік саласын күшейтуге бағытталғанын түсіндірді.

Кездесулер  ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Олар тікелей қарым-қатынас реформаларды анағұрлым салмақты әрі қоғамның нақты қажеттіліктеріне бағытталуына мүмкіндік беретіні туралы өз ойларын білдірді..

Бұдан басқа, сенаторлар әр үйге барып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Кездесулер барысында Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер және жүргізіліп жатқан реформалардың мәні туралы айтылды.

Сонымен қатар, кездесулер барысында бағаны тұрақтандыру, жұмыспен қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтар, әлеуметтік қолдау шаралары және инфрақұрылымдық жобалар туралы да  сөз болды.  Халық тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныстар бақылауға алынды. 

«Мұндай форматтағы кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға заңнамалық өзгерістердің мәнін түсіндіру, ұсыныстарын тыңдау және кері байланыс орнату. Халықпен ашық диалог- бұл билік пен қоғам арасындағы ашық екі жақты қарым-қатынас және сенімді мемлекет пен белсенді қоғам қалыптастырудық  тікелей  негізі»- деп атап өтті депутат Ә.Рахметова.

Бөлісу